Дәл бүгін елде жалпыұлттық референдум өтіп жатыр.
Батыс Қазақстанда референдум күні энергетик шаңырақ көтерді
261
оқылды

Бүгін Қазақстан азаматтары "Қазақстанға атом электр стансасы қажет пе?" деген сұраққа жауап беріп, өз таңдауларын жасауда. Соңғы жылдары елдегі электр энергиясын тұтынуға деген сұраныстың артуы себепті халықты үздіксіз энергия көзімен қамту мәселесі қаралып жатыр.  Сол үшін халық елге атом электр стансасы қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап береді.

Дәл осындай атаулы күні Орал қаласының тұрғыны жас энергетик шаңырақ көтеріп, ақ көйлекті жұбайын ертіп, дауыс беруге келді. 

Екі жастың алғашқы таныстығы Мұрат   Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, ал Гүлзинат   Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде еңбек еткен кезде басталыпты. Қос жас екі жылдан астам уақыт бірге жүріп, дәл осы референдум күні некелерін қидыруға бекініпті. 

Бір қызығы, тойды жоспарлаған кезде олар бұл күн маңызды оқиға – атом электр стансасының құрылысы бойынша референдуммен сәйкес келетінін білмеді.

Отау құрған жастар той алдында алдымен референдумға арнайы келген. 

– Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы датамен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз. 5-10 жыл өткеннен кейін сайлау күні шаңырақ көтерген едік деп еске алып отыратын шығармыз. Референдумда дауыс беру – Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың міндетті, парызы деп есептеймін. Себебі, біздің мемлекетіміздің болашағы,  дейді жас жұбайлар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін  облыста 500-ге жуық референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. 

Жалпы, өңірдегі сайлаушылар тізіміне 444 428 мыңнан астам адам енгізілген.

Жанат Қайырғожина, Батыс Қазақстан облысы