Қазақстанның танымал әншісі әрі музыканты Парвиз Назаров Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумға қатысты.
Әнші Парвиз Назаров Алматыда референдумда таңдауын жасады
345
оқылды

Қазақстанның танымал әншісі әрі музыканты Парвиз Назаров Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумға қатысты. Музыкант Бостандық ауданындағы Ғ.Мұстафин атындағы №191 мектепте орналасқан №494 сайлау учаскесіне барды.

«Референдум – бұл әркімнің еліміздің болашағына қатысты пікірін білдіруге мүмкіндік. Біз өмірімізге және келешек ұрпақтың өміріне әсер ететін шешім қабылдаймыз. Осы маңызды үдеріске үлес қоса алғаныма қуаныштымын», – деді Парвиз Назаров. 

Әнші Қазақстан азаматтарының референдумға қатысуы бұл оқиғаның қоғам үшін маңыздылығын көрсететінін айтты. «Әрбір азаматтың пікірін білдіруге құқығы мен мүмкіндігі бар екенін ұмытпау маңызды. Дауыс беру нәтижесі біздің болашағымызды қалай көретініміздің және еліміздің игілігі үшін қандай өзгеріс қажет екенін көрсетеді», – деді әнші.

Естеріңізге салайық, бүгін Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 мектеп-лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Алматылықтар сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.