Гандболдан Өзбекстан кубогына қатысып жатқан «Астана» құрамасының мүшелері Ташкент қаласында орналасқан № 399 референдум учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстанға жарысқа барған қазақстандық спортшылар референдумға қатысты
Әлихан Асқар
428
оқылды

Ташкентте қазақстандық спортшылар өз таңдауын жасады.

«Ташкентке жаттықтырушы, директор және ойыншыларды қосқанда жалпы саны 13 адам келдік. Мұнда гандбол спортынан Өзбекстан кубогына қатысып жатырмыз. АЭС жөніндегі референдум осы уақытқа тұспа-тұс келгендіктен, осы елдегі Қазақстан елшілігінде орналасқан референдум учаскесінде дауыс бердік. Азаматтық ұстанымын білдіріп, ел үшін тарихи сәтте таңдау жасауға әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс деп ойлаймын»,  деді гандболдан «Астана» құрамасының мүшесі Мадина Мырзамсейітова.

Еске салсақ, Ташкент қаласындағы №399 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының елшілгі ғимаратында (Абай көшесі, 1) орналасқан. Онда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін жалғасады.