Мемлекет мақтанышы Тараз қаласындағы №82 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық көзқарасын білдірген чемпиона әр дауыс ел келешегі үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
— Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызға ие. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқаны өте дұрыс шешім. Барлық қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын. Өйткені ел болашағы - халықтың өз қолында. Мен де сол бұқараның бірі ретінде өз таңдауымды жасадым,- деді Елдос Сметов.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы