Олимпиада чемпионы Елдос Сметов таңдау жасады

Дзюдодан қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

Мемлекет мақтанышы  Тараз қаласындағы №82  сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық көзқарасын білдірген чемпиона әр дауыс ел келешегі үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. 

 

— Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызға ие. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқаны өте дұрыс шешім. Барлық қазақстандықтарды  дауыс беруге шақырамын. Өйткені  ел  болашағы  -  халықтың өз қолында. Мен де сол бұқараның бірі ретінде  өз таңдауымды жасадым,- деді Елдос Сметов.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы