«Теңізшевройл» ЖШС мен мердігер мекемелердің қызметкерлері бекітілген 7 пунктте дауыс беріп жатыр.
Теңіз кенішінде 10 мыңға жуық мұнайшы дауыс беріп жатыр
421
оқылды

Теңіз кенішінде 10 мыңға жуық жұмысшы таңдау жасауға өтініш білдірген. Бұл туралы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мәлім етті. Теңіз кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылған еді.  Дауыс берудің  үздіксіз және қауіпсіз процесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Облыс бойынша 274 референдум учаскесі жұмыс істеуде.

Бүгін өңірде 283 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9-ы – аумақтық, 274-і – учаскелік. Жалпы, комиссияларда 2 037 мүше бар. Дауыс беру  процесі вахталық қалашықтарда өтіп жатыр. Бұл жұмысты 38 учаскелік комиссия жүзеге асыруда. Барлық учаске материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы