Бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдіруде.
Әлеуметтік желіде қазақ қызының Малайзия азаматына тұрмысқа шыққаны қызу талқыланып жатыр
5,169
оқылды

Біреулер мәдени алмасу мен ұлтаралық некелердің маңыздылығын айтып, жас жұбайларды қолдаса, енді біреулері салт-дәстүр мен ділдегі айырмашылықтарға алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Күйеу жігіт Малайзиядан келді», делінген бейненің сипаттамасында.

Кадрлардан жас жігіт пен оның досы қонақтарға толы мейрамханаға үлкен гүл шоқтарымен кіріп, оны қалыңдықтың анасына беріп жатқаны байқалады. Барлығы қазақ әнінің сүйемелдеуімен және жиналғандардың ду қол шапалақтауымен болып жатыр.

Интернет пайдаланушылар екі топқа бөлінген. Бірі жастарға бақыт тілесе, енді біреулер Қазақстанда өмірлік жар таңдауға ер-азаматтар жетерлік деп ашуға берілуде. Кейбірі қазақ қыздарының шетелдіктерге неліктен тұрмысқа шығатынын түсінбейді.