Дәстүрлі әнші Алма Аманжолова референдумда дауыс берді.
Референдумға отбасыммен дауыс беру үшін келдім  – дәстүрлі әнші Алма Аманжолова
446
оқылды

Дәстүрлі әнші Алма Аманжолова Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Өнер майталманы №157 жалпы білім беретін мектепте орналасқан № 649 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

"Біз мұндай маңызды күнде шетте тұрмауымыз керек. Мұнда отбасыммен дауыс беру үшін келдім",  дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша республикалық референдум өтуде.  Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша өз сайлау учаскелеріне сағат 20.00-ге дейін дауыс беруге келе алады.