Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев таңдауын жасады.
Сәт Тоқпақбаев: Отанға шексіз қызметімді білдіріп, дауыс бердім
Досбол Атажан
482
оқылды

Алматыдағы № 112 референдум учаскесінде Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев дауыс берді.

Мен үшін бүгін қуанышты күн. Өз құқығымды пайдаланып, ел мен Отанға шексіз қызметімді білдіріп,  дауыс бердім. Алдағы уақытта қазіргідей елімізде қуаныш, жақсылық, халықта ауызбіршілік болады деп сенемін. Себебі біз осындай референдумда пікірімізді білдіріп отырмыз. Бұл еліміздегі демократияны көрсетеді. Отанымызда осындай құқық бар екеніне қуаныштымыз,  деді Сәт Тоқпақбаев.

Айта кеткен жөн, Сәт Тоқпақбаев биыл 85 жасқа толды. Генерал-полковник әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы, Республикалық гвардияның қолбасшысы, Қорғаныс министрі, Тұңғыш Президенттің кеңесшісі және Парламент депутаты қызметтерін абыроймен атқарды.