Себебі елде әлеуметтік желіде экстремистік идеяларды насихаттайтын арналар көбейген.
Өзбекстанда діни жазбаларды қолдағандарға айыппұл салынуы мүмкін
Pixabay.com
296
оқылды

Өзбекстанда діни экстремизммен күрестің жаңа тәсілі қолға алынбақ, деп хабарлайды Aikyn.kz.

UzDaily жазғандай, желіде діни алауыздық тудыратын жазбаларға лайк басқандар не оларды репост жасағандар қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

Өзбекстанның дін істер жөніндегі комитеті ел тұрғындарын интернет желісіндегі діни посттарға лайк баспауға үндеген. Комитет ескертуіне сәйкес, тексерілмеген діни материалдарға лайк басу ірі көлемдегі айыппұлға негіз болмақ. 

"Діни материалдарды тарату тек қана мемлекеттік діни сараптамадан өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі", – делінген хабарламада.