Өнер иесі шығындары туралы да жасырмай жеткізді.
890 миллион ба, 50 миллион ба? Жахан Отарғалиев алғашқы фильмінен қанша пайда тапқанын айтты
1,395
оқылды

Танымал актер Жахан Отарғалиев алғашқы фильмінен қанша табыс тапқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фильм 890 миллион теңге табыс әкелгенімен, актердің өзі небәрі 50 миллион теңге ғана пайда көрген.

«Бірінші фильмімнен 890 миллион теңге табыс таптым. Алайда, бұл соманың жартысын кинотеатрлар алады, одан кейін салықтар, дистрибьюторлардан алынатын пайыздар және басқа да шығындар келеді. Соның нәтижесінде жеке өзім 50 миллион теңге ғана алдым. Көптеген адамдар кинода көп ақша табуға болады деп ойлайды, бірақ бұл дұрыс емес. Мәселен, қазір түсіріп жатқан фильмде өмірлік маңызды ойларды халыққа жеткізу үшін шығармашылық салада жұмыс істеп жатырмын», – деп бөлісті Отарғалиев.