Астананың қарт тұрғындарының бірі Әкім Тарази референдумға үйінен қатысты.
Әкім Тарази референдумға үйінен қатысып, дауыс берді
507
оқылды

Астананың қарт тұрғындарының бірі – 91 жастағы жазушы, драматург және сценарист Әкім Тарази. Еңбек Ері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Әкім Тарази еліміз өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.

Азаматтық ұстанымдарын білдіре алу үшін  комиссия  мүшелері мәдениет қайраткерінің үйіне барды.

Астанада АЭС салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум басталды. Дауыс беремін деген адамға 6 қазан сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін 352 сайлау учаскесінің есігі ашық тұрады.