Қазір Қазақстанның саяси тарихындағы ең маңызды оқиға болып жатыр.
Тәуелсіз байқаушылар референдумның қалай өтіп жатқанын айтты
www.istockphoto.com
906
оқылды

Дауыс беру кезіндегі ең жауапты жұмыс – тәуелсіз байқаушылардікі. Міне, сол референдумға «AMANAT» партиясының атынан тәуелсіз байқаушы болғандар Aikyn.kz сайтына өз пікірін білдірді.

Бақылаушы Мадияр Үсенов, Түркістан қаласы, № 123 сайлау учаскесі:

– «AMANAT» партиясының атынан байқаушы болып тіркеліп, № 123 сайлау учаскесінде отырған жайым бар. Референдумның арқасында еліміздегі демократиялық процестер өз жемісін беріп отыр деген сенімдемін. Бүгінгі референдумға келіп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқан отандастарымыздың қарасы қалың. Бәрі заң жүзінде өтіп жатыр. Дауыс беру – азаматтардың таңдау еркі. Бұл арқылы болашағымыз нақтыланбақ.

Әлішер Мамыров, Түркістан қаласы, № 128 сайлау учаскесі:

– Иә, осы референдумда тәуелсіз байқаушымын. Мен бақылап отырған учаскеде сайлау өз деңгейінде деп айтуға болады.

Мұхтар Қазбаев, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы № 123 сайлау учаскесі:

– Дауыс беру тыныш, бір қалыпты өтіп жатыр.

Гүлдана Мүсірәліқызы Алмаханова:

– № 112 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясының атынан тәуелсіз байқаушы болдым. Референдум өте жоғары деңгейде өтіп жатыр деп айта аламын. Азаматтар жабық түрде дауыс беріп жатыр. Біздің учаскелік орнымыз – емхана. Емделушілер кезек-кезегімен келіп жатты. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ, бәрі талапқа сай. Көпбейінді емханадан бөлек, Түркістан қалалық балалар емханасына да бардық. Ол жақта да емделушілер өз дауысын берді. Одан кейін перзентханаға да бардық. Ол жерде де бәрі мейлінші атсалысып, дауыс берді. Бізге берілгені 350 бюллетень еді, соның 300-ін азаматтар алып, өз дауысын берді. Ал біз байқаушы болған учаскеде дауыс беруі қажет болған 40 адам референдумға келмеді.

Айта кеткен жөн, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.