Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина да дауыс берді.
Бибігүл Аққожина: Референдум – қоғам мен мемлекеттің дамуындағы аса маңызды кезең
742
оқылды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Референдум – қоғам мен мемлекеттің дамуындағы аса маңызды кезең. Сондай-ақ мұндай қадам демократияның негізгі принциптерінің бірі және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуының жарқын көрінісі. Бүгін өзім де тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында азаматтық парызымды орындап, референдумда дауыс бердім, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.