Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87 пайызы бюллетень алды.
Референдум: комиссия дауысты санауға кірісті
711
оқылды

6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындысы туралы ақпарат жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды. Сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды. 

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87 пайызы бюллетень алды. Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша: 

1. Абай облысы бойынша – 69,57 % 

2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 % 

3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 % 

4. Алматы облысы бойынша – 68,71 % 

5. Атырау облысы бойынша – 63,28% 

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03% 

7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28% 

8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 % 

9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 % 

10. Қостанай облысы бойынша – 73,45 % 

11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48 % 

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 % 

13. Павлодар облысы бойынша – 65,09 % 

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 % 

15. Түркістан облысы бойынша – 75,31% 

16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69 % 

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 %

18. Астана қаласы бойынша – 50,81 % 

19. Алматы қаласы бойынша – 25,39 % 

20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%.  Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. 

Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі 12 сағаттан аспауға тиіс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.