Қазгидрометтің мәліметінше, елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшеюі күтіледі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
Ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман болады
3,482
оқылды

Қазақстан аймақтарында  болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы 2024 жылғы 7 қазандағы жағдайға ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жауын-шашын, күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшеюі күтіледі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Қарағанды, Абай облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталып, Ақмола облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.