«ДАУЫС» ҚБК референдум кезіндегі байқаушылар желісінің жұмысы туралы әлеуметтік желіде айтты.
«ДАУЫС» байқаушылары: референдумға әсер ететін заң бұзу болмады
900
оқылды

Бүгін «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы мыңдаған белсенді азаматтардың басын біріктіріп, республикадағы барлық дауыс беру учаскесінде референдумның өтуіне бақылау жасау бойынша ауқымды науқан жүргізді,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«ДАУЫС» байқаушылары учаскелер ашылғаннан бастап ірі қалалар мен шалғай ауылдарда жұмыс істеді.
Күні бойы учаскелердегі барлық жағдай нақты уақыт режимінде бақыланған және бақылаушылардың ақпараты шоғырландырылған «ДАУЫС» ситуациялық орталығы жұмыс істеді. Біздің бақылаушылар дауыс беру процесінің барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі тіркеп отырды. Жұмыс барысында учаскелік комиссиялардың жұмысына ескертулер айтылды. Біздің ескертулер оң қабылданып, кемшіліктер дер кезінде жойылды. Референдум нәтижелеріне әсер ететін заңбұзушылықтар анықталмағанын атап өтуге болады. Комиссиялардың жұмысы дауыс беру процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етті. Қазір біз Коалицияның аймақтық филиалдары мен ҮЕҰ-әріптестерден жиналған мәліметтерге егжей-тегжейлі талдау жасап жатырмыз. Мониторинг нәтижелері туралы толыққанды есепті жақын арада жариялаймыз. «ДАУЫС» коалициясы барлық әріптестерге және өңірлердегі байқаушылар командаларының құрамына көрсеткен жауапкершілігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді.