Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы ресми мәлімдеді.
Қазақстандағы АЭС бойынша референдум нәтижесі шықты
Orda.kz
1,230
оқылды

Бүгін, 7 қазанда ҚР ОРК брифингінде Қазақстандағы АЭС бойынша референдум нәтижесі шықтыдеп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Референдумда "иә" деп қолдап дауыс бергендердің үлесі 71,12 пайыз болған. ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.