«Дауыс» коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық учаскелердегі дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы 9,5 мыңға жуық учаске қамтылған.
«Дауыс» коалициясының бақылау желісі 181 ҮЕҰ мен кәсіподақты қамтыды
250
оқылды

«Дауыс» коалициясының мәліметінше, олардың бақылау желісі 181 ҮЕҰ мен кәсіподақтарды қамтыған. Дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап, дауыс беру хаттамаларына қол қойылғанға дейінгі аралық бақылаушылардың бақылауында болған. Коалицияның аймақтық деңгейдегі барлық штабтарында ситуациялық орталықтар күні бойы жұмыс істеді. Олар нақты уақыт режимінде учаскелерден тиісті ақпаратты алып отырды. Яғни, бізде дауыс беру үдерісінің толық және сенімді көрінісі байқалды. 

Учаскелерден келген байқаушыларымыздың есептерін талдай келе, Орталық бақылау комиссиясы жариялаған  азаматтардың жоғары белсенділігі мен сайлауға қатысуын растады. Сондай-ақ  учаскелік комиссиялардың жұмысына мониторинг жүргізу барысында өрескел заңбұзушылықтар анықталмады. Комиссиялардың жұмысына, сайлаушылардың жүріс-тұрысына, дауыс беру учаскелеріндегі бақылаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты ескертулер болмады емес, болды. Бірақ жалпы алғанда, учаскелерде дауыс беру нәтижелеріне күмән тудыратын заңбұзушылықтар анықталмаған. 

Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде мына жайттар бар: 

біріншіден, екі немесе одан да көп азаматтардың дауыс беру кабинасына кіруі. Бұған бақылаушылар дереу әрекет етіп, заңбұзушылықтарды орнында түзетуді талап етті;

екіншіден, учаскеде үгіт-насихат жүргізудің бірқатар фактісі анықталды. Соның ішінде дауыс беру кабиналарына үгіт материалдарын заңсыз алып өтпек болған. Олар атом электр стансаларын салуды қолдайтын және оған қарсы материалдарды қамтыды. Мұндай факті жеті учаскеде тіркелді;

үшіншіден, жоқ туыстары мен отбасы мүшелеріне дауыс беруге әрекет жасалды. Әсіресе, ауылдық жерлерге қатысты. Бақылаушылар мұндай әрекеттерді бірден тоқтатты;

 төртіншіден, кейбір дауыс беру учаскелерінде байқаушылар референдум учаскелік комиссия мүшелерінің аты-жөнін тізілімге жазбас бұрын бюллетенге қол қойғанын анықталды. 

Сонымен қатар  бірқатар жағдайда дауыс беру тәртібін бұзу және байқаушылар мен сайлаушылар тарапынан комиссиялардың жұмысына араласу болған. Адамдар дауыс беру кабиналарындағы сайлаушыларды видеоға түсіріп, дауыс беруге қатысушылардың тізімдерін суретке түсіруге тырысты. Олар хаттаманы заңда белгіленген мерзімінен бұза отырып шығаруды талап етті.

Жалпы,  9,5 мың учаскедегі бақылаушылардың барлық сауалнамасы егжей-тегжейлі өңделгеннен кейін дайындалатын жазбаша есебімізде бақылаудың барлық нюансы толыққанды есепті көрсеткен.