Өртті сөндіруге 20 маман мен 6 техника жұмылдырылды.
Петропавлда жер үй өртеніп, 3 адам қаза тапты
355
оқылды

Петропавлда жер үйден өртеніп, салдарынан 3 адам көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қазан күні түнгі сағат 03.16-да болған.

Жер үй және шаруашылық нысаны өртенген. Онда 4 адам тұрған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жер үй өртеніп жатқан.

Олар үйден 3 жасар қыздың, оның 1985 жылы туған анасы мен 1979 ер адамның (көрші) денелерін алып шықты. Үйдің иесін мамандар құтқарған.

Өртті сөндіруге 20 маман мен 6 техника жұмылдырылды.

Түнгі сағат 04.12-де өрт оқшауланды, сағат 05.29-да толық сөндірілді. Өрттің ауданы 84 шаршы метр болды,  делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.