Берік Асылов тергеу барысын өз бақылауына алғанын айтты.
Прокуратура интернет арқылы суицидке итермелеу бойынша 3 қылмыстық іс қозғады
637
оқылды

Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура ҚК-нің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асылов Х әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында тергеуді арнайы прокурорларға тапсырғанын айтты.

Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке қатысты бірнеше Telegram арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, бірқатар сараптама  тағайындаймыз.

ІІМ суицидтің барлық фактілерінде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз.

Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырмалар жіберіледі. Тергеу барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз,  деп жазды Бас прокурор.