Елімізде АЭС-тің құрылысына қатысты саяси науқан референдум өтті. Референ­думның әлеуметтік экономикалық-саяси маңызы өте зор.
Бауыржан Мұқан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ  директоры: АЭС-тің экономиканың дамуына  әсері бар
292
оқылды

Себебі АЭС-тің жалпы экономиканың дамуына белгілі бір деңгейде өзінің әсерін, септігін тигізеді. Мысалға, 2023 жылы 115 мил­­­лиард киловатт сағат электр энергиясы тұтынылған болса, соның 3-4 пайызы импортталған болып есептелінеді. Әрине, бір ғана стансаны тұтынуды қамтамасыз етуге оның қуаттылығы жете қоймайды. Бұл дегеніміз – АЭС-тің әрмен қарай дамуына белгілі бір деңгейдегі алғашқы қадам деп есептеуіміз керек. Қазақстан Респуб­­ликасының уран кен орындары 778 мың тоннаға жуық көлемде бағаланып отыр. Соның ішінде үл­кен шоғырланған жеті кен орны Оңтүстік Қазақ­стан облысында орналасқан. Одан кейін Солтүстік Қазақстанда – 4, Қызылорда облысында – 3, Алматы облысында – 2, Маң­ғыстау мен Ақмола облыстарында біреуден бар. Сәйкесінше, барлығы осы уран кен орнын әрі қарай дамы­туға қатысты инвестицияның шоғырлануына, тартылуына белгілі бір деңгейде әсерін тигізеді. Ең басты мәселе – осы сала бойынша жаңа мамандардың IT, ядролық физика, атом энергетикасына тікелей қатысты болуында. Білім және ғылым саласының қарқынды дамуына оңды әсерін тигізеді деген үміт бар.