Германияда қаза тапқан адвокат Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов Ресейге қоныс аударған.
Германияда кісі қолынан қаза тапқан Сайлыбаеваның күйеуі Ресейге көшіп кеткен
Фото: Айгүл Сайлыбаеваның құрбысы Тоғжан Есенбаеваның жеке архивінен алынған
1,978
оқылды

 "ТВЦ" арнасының жаңалықтарында Германияда қаза тапқан судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Ресейге көшіп келгені туралы айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Германияда қаза тапқан адвокат Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов Ресейге қоныс аударған. Айта кетейік бұл Донцовтың туған жері.

"Мен Германияға тұрақтап қалуды ешқашан ойламадым. Үнемі Мәскеуге оралып, Ресейде өмір сүремін дейтінмін. Бұл отбасымызды одан әрі қолдаудың соңғы мүмкіндігі болды", – деді ол сұхбатында.

Донцовтың сөзінше қызы екі аптадан кейін азаматтық алған. Ол бұны өз кезегінде "Ішкі істер министрлігінің жедел жұмысының арқасында" деп атап өтті.

"Ресей Ішкі істер министрлігі бас басқармасының басшылығы отбасын бұзбау және қиындық тудырмау үшін көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бүгін біз Александрға қызының азаматтық алғаны туралы куәлікті табыс еттік. Қазір бала Ресей Федерациясында балалардың барлық құқықтарын пайдаланады", – деді ІІМ Мәскеу қалалық бөлімшесінің азаматтықты қарау бөлімінің басшысы Алексей Катков.

Бірақ бұл ретте 49 жастағы Наталья Донцова жайында бір ауыз сөз жоқ. Ол марқұм Айгүл Сайлыбаеваның бұрынғы енесі, яғни Донцовтың шешесі. Айгүл Сайлыбаева қайтыс болғаннан кейін Донцова жоғалып кеткені туралы ақпарат шыққан еді. 

Айгүл Сайлыбаева Астана қаласының Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы және "Болашақ" бағдарламасының түлегі болған.

Германияда 2024 жылы жоғалып кетіп, артынша денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылған Айгүл Сайлыбаеваның оқиғасын қалың көпшілік ұмыта қойған жоқ.

"Мәйіт пластикалық қапта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", – деп жазды Bild  басылымы.

Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін екені айтылды. Ол бұл жайында достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүл ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді деген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.