Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша жүргізіледі.
Шығыс Қазақстанда алаяқ риелторлар ұсталды
615
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында алаяқ риелторлар ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері нотариус пен риэлторлардың қатысы бар алаяқ риелторлар тобының кәсібін тоқтатты.

Қылмыстық іс бойынша, күдіктілер ішімдікке бейім шығыс қазақстандықтардың бірнеше пәтерін заңсыз иемденген.

"Тінту іс шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркілеген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Полицияға барлығы төрт күдікті жеткізілген. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша жүзеге асырылады.