Осыдан 10-12 күндей бұрын хабарласқанын айтты.
«Маған хабарласты...»: Арман Дүйсеновтің қайтыс болған ұлы Баян Алагөзовадан көмек сұраған
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
15,452
оқылды

Продюсер Баян Мақсатқызы досы, композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлының қазасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Бүгін әріптестерімнен Арман Дүйсеновтің баласы өмірден өткені жайлы хабар алып отырмын. Бұл – өте қайғылы жағдай. Осыдан 10-12 күндей бұрын Арманның ұлы Абылай маған хабарласқан еді. Ол осыған дейін маған мүлде хабарласпаған. «Баян әпке, сіздің көмегіңіз керек» деді. Ол бір бағдарламада бірқатар шоу-бизнестегі танымал тұлға Арман мен оның отбасы туралы жеке дүниелерді жеткізетінін айтты. Ол сол бағдарламаның эфирге шықпауын сұрады. Ал ол шоудың эфирге шығуына 2 сағат қалған. Мен қазір кеш екенін, көмектесе алмайтынымды жеткіздім. Абылайдың маған қоңырауы әкесі туралы жаман пікірге жол бермеу еді. Кейін оның анасы хабарласып, ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол әкесін қатты жақсы көретін. Ол жүрегіндегі жанайқайын жеткізу үшін хабарласты», дейді Баян Мақсатқызы.

Айта кетейік, белгілі композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды. Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында бөліскен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.