Доллардың құны 402 теңгеге жетті
Доллардың құны 402 теңгеге жетті
© tsn
5,250
оқылды
Қазақстандық ақша айырбастау орындарында доллардың бағамы 402 теңгеге жетті, - деп хабарлайды zakon.kz. Kurs.kz деректерінше, 12 наурызда доллар 398 – 402 теңгеге саудалануда. Евро бағамы да айтарлықтай өсті, оның құны валюта айырбастау орындарында 450-455 теңге. 11 наурызда биржадағы сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 394,60 теңгені, ал евроның орташа бағамы 447,98 теңгені құраған болатын.