Әңгімелесу барысында барлық деңгейдегі диалогті жалғастырудың, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы кездесулердің маңызды екені айтылды.
Мемлекет басшысы Кореяның Ұлттық ассамблеясының төрағасы У Вон Шикпен кездесті
574
оқылды

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы У Вон Шикпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті.

Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл – саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі. 

У Вон Шик қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, қазақ-корей байланысын барлық бағыт бойынша тереңдетуге дайын екенін жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен У Вон Шик автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларында қазір жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында барлық деңгейдегі диалогті жалғастырудың, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы кездесулердің маңызды екені айтылды.