10 қазаннан бастап циклон еліміздің батыс бөлігіне, кейін өзге де өңірлерге әсер ете бастайды.
-5 градус суық, жауын-шашын, көктайғақ: 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамы
5,505
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

10 қазаннан бастап циклон еліміздің батыс бөлігіне, кейін өзге де өңірлерге әсер ете бастайды. Соған байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. Кей облыстарда тіпті қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. 15-29 м/с жел тұрып, арты қарға ұласып, көктайғақ болады. Қазақстанның оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай ойнап, таулы аудандарда нөсер болып, тұман түсуі мүмкін.

Аптаның соңына қарай ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Батыста күндіз 5-13 градусқа дейін, оңтүстікте 20 градус жылы, еліміздің солтүстігінде 1-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 2 градус жылы, республиканың орталығында және шығысында 5-13 градус жылы, елдің оңтүстігінде 7-12 градус жылы болады.