Алматы қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 5 жасар баланы автобус қағып кетті. Бала ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған оқиға туралы ақпарат алдымен Almaty LIVE Telegram арнасында жарияланды.
– Оқиға сағат 14.05 шамасында Алматы қаласы Бостандық ауданында болды. Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан автобус Айманов көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 5 жасар баланы қағып кетті, – деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.