Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңының 1-бабына сәйкес «Республикалық референдум – Қазақ­стан Рес­публикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру» болып табылады.
Еркебұлан Аманғосов, Мемлекет тарихы институты Ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы: Референдум – демократияның бірден-бір тетігі
407
оқылды

Бұл – халықтың ой-пікірін ескере отырып саяси шешім қабылдау­дың, тікелей демократияның бірден бір тетігі. Демократия – қандай да бір нәтиже емес, күнделікті түрде дәлелдеуді талап ететін «тар дәліздегі» үздіксіз процесс. Оны әртүрлі мемлекеттің даму барысынан байқауға болады. Ұзақмерзімді саяси шешімге қоғамның тартылуы жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуымен байланысты, яғни ел азаматтарының басым көпшілігі АЭС құрылысына «иә» деген жауап бере отырып, болашаққа деген ортақ жауапкершілікпен бөлісті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» тұжырымы жария саясатпен байланысты. Бұл жерде «тар дәліз» ұғымын белгілі экономистер Д.Аджемоглу мен Дж. Робинсонның The Narrow Corridor: States, Societies, and the Fate of Liberty атты еңбегіне сүйеніп отырмын.