Антикордың ресми өкілі сыбайлас жемқорлық дерегін хабарлаған азамат 14 млн 768 мың теңгеге дейін сыйақы алатынын айтты.
Жемқорлық туралы хабарлаған адам қанша миллион теңге сыйақы алады?
Azattyq Ruhy
390
оқылды

2024 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткені үшін 76 адамға 28,9 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілген, деп жазады Aikyn.kz.

"Сыйақы беру қағидаларымен регламенттелген, жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мен азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы күреске тартудың тиімді тетігі. 2020 жылы сыйақы беру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланды", – деді Данияр Бигайдаров баспасөз мәслихатында.

Биыл 9 айда агенттіктің аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткені үшін 76 адам сыйақы алып, 33 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды.