Оның айтуынша, елімізде заңда сталкинг мәселесі қарастырылмаған.
Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтып, әйелдерге кеңес берді (видео)
Фото: видеодан кадр
1,258
оқылды

Тележүргізуші Дана Нұржігіт Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оның айтуынша, елімізде заңда сталкинг мәселесі қарастырылмаған. Сондықтан әйелдер өзін қалай қорғау керегін білмейді.  

Тележүргізуші 2019-2022 жыл аралығында күйеуімен заңды некеде болғанын, алайда кейін ажырасқан соң да экс-күйеуі қыр соңынан қалмағанын айтты.

«Ажырасқан соң да оның қитұрқы әрекеттері тоқтамады. Мені аңдуды шығарды. Күн демей, түн демей қоңырау шалатын. Бассейнде жүзіп жүріп қарасам, алдымда тұрады. Жұмыстан шықсам, көлігімнің жанында күтіп тұрды, дәрігерге жазылсам, сол жерде жүреді, тіпті осы жайттардың бәрінен соң денсаулығым нашарлап, процедурада жатқанымда, сол жерге кіріп келді. Көшеде кетіп бара жатсам, «Кіммен сөйлесіп бара жатсың, біз туралы айтып жатсың ба?» деп қоңырау шалатын. Шыны керек, алаңдамай жүре алмайтын күйге жеттім. Біреу үнемі аңдып тұратындай көрінетін», - дейді ол. 

Айтуынша, 2024 жылғы 13 маусымда сот үкімі күшіне енген. Тележүргізуші осындай жағдайға тап болған қыз-келіншектерге кеңес берді. Ол жеке басына қатысты бейнежазбамен қорқытып, бопсаласа да, жәбірленуші ретінде құқығын қорғауға болатынын айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.