Turkish Airlines-тің ұшағы Нью-Йоркке шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Turkish Airlines ұшқышы Ыстамбұлға ұшу кезінде қайтыс болды
фото: pixabay.com
528
оқылды

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Стамбул бағытындағы рейсті орындау барысында көз жұмды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Әуе кемесі Нью-Йоркке шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ұшақтың екінші ұшқышы шұғыл түрде Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонуға сұраныс жасады. Жолаушылар Стамбұлға басқа рейстермен жеткізілді.

Turkish Airlines өкілдерінің айтуынша, пилот Пехливан Ильчехин үнемі медициналық тексерістерден өтіп жүрген және денсаулығына байланысты ешқандай мәселе анықталмаған. Соңғы тексеріс наурыз айында өткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.