"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салады.
Пойызға үлгермей қалған жолаушы ақшасын қайтара ала ма?
3,278
оқылды

Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, кассирге мән-жайды кассирге түсіндіру керек. Негізі жолаушы пойызға кешіксе, билеттің құнын жартылай қайтара алады. Ол үшін пойыз билетте көрсетілген станциядан шыққаннан кейін бір сағат ішінде өткізілуі тиіс. 

Кассирге жеке куәлік пен билетті көрсетіп, қажетті құжаттарды рәсімдейді. Қажет етсе, орын болса келесі пойызға ауысып отыра алады. Ал қайтарылатын ақша мөлшері мен мерзімі теміржол көлігімен жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерімен белгіленген. Қосымша ақпаратты 1433 нөміріне қоңырау шалып, кеңес алуға болады.