Осы жылдың 6 наурызында сотталушылар жәбірленушімен ортақ танысы арқылы танысып, жәбірленушіні уақытша бір жерге орналастыруды өтінген.
"Сақамен ұрып-соққан": Алматы облысында студент қызды қатыгездікпен өлтіргендер сотталды
Фото: istockphoto.com
545
оқылды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетпен аса қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді деген айыпталушылар Қ. және С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Сот мәліметіне сәйкес, осы жылдың 6 наурызында сотталушылар жәбірленушімен ортақ танысы арқылы танысып, жәбірленушіні уақытша бір жерге орналастыруды өтінген. Осы мақсатта Алматы қаласында пәтер жалға алынған. 

Екінші күні қаражаттары бітуіне байланысты жалдау ақысын одан әрі төлеу үшін, сотталушы Қ. жәбірленушіге «iPhone 13 Pro» маркалы смартфонын комиссиялық дүкенге тапсыруға, кейінірек оны қайта сатып алуға уәде беріп, көндірген. Түскен қаражатты жұмсағаннан кейін сотталушылар жәбірленушіні банктер мен микроқаржы ұйымдарында жалпы сомасы 435 мың теңгеге ақшалай қарыздарды ресімдеуге көндірген.

Ал 12 наурызда сотталушылар жәбірленушінің смартфонын комиссиялық дүкеннен жасырын сатып алып, оны 240 мың теңгеге сатқан, ал түскен қаражатты жеке мақсатта пайдаланған.

Жәбірленушінің смартфонды қайта сатып алу туралы бірнеше талаптарынан кейін сотталушылардың қылмыстық ниеті пайда болды. Осы мақсатта, 15 наурыз күні түнде сотталушылар жәбірленушіні үйіне апару сылтауымен онымен бірге жолға шығып, сағат 02:00 шамасында Қонаев-Қазақстан автожолының 36-шақырымына жетіп, жолдан шығып, ашық учаскеге тоқтаған. Сотталушылар кезек-кезек жәбірленушіні сақамен ұрып-соғып, оны бензинмен өртеуге тырысқан, содан кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

– Сот үкімімен Қ. және С. өздеріне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп хабарлады облыстық соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.