Қарағанды қаласында өрт сөндірушілер өрттен 3 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды қаласы Молокова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде жалпы 4 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаз өртенген.
– ТЖМ күштері пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен 3 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ақпаратта.