Айыпталушыдан 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді.
Лицензиясыз косметикалық ота жасаған елорда тұрғыны сотталды
348
оқылды

Астанада медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, адам денсаулығына зиян келтірген қала тұрғыны сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Прокуратураның мәліметінше, айыпталушы лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізген. Салдарынан жәбірленушінің денесі қабынып, оған медициналық көмек қажет болған.

– Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді, – делінген ресми ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енді.