Дегенмен дәрігерлер оған өз бетімен бала көтеруге мүмкіндік бар екенін айтқан.
«Табиғи жолмен бала көтере аламын»: Баян Алагөзова жақында туған екі сәбиі туралы бар шындықты айтты
Фото: видеодан кадр
15,891
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында жақында дүниеге келген екі сәбиі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Айтуынша, Алиса мен Алма суррогат ананың көмегімен дүниеге келген. Дегенмен дәрігерлер оған өз бетімен бала көтеруге мүмкіндік бар екенін айтқан. Алайда күйеуі екеуі «Табиғи жолмен балалы болу оңай емес» деген шешімге келген.

«Біріншіден, бұл жасқа байланысты. Ол кезде 45 жаста болдым. ...Дәрігерлер маған өзімнің де көтере алатынымды айтты. «Бәлкім, тағы бір жыл дайындалып көресіздер» деді. Бірақ мен «жоқ» деп жауап бердім. Табиғи жолмен мен дайын болмадым»,  дейді продюсер.

Продюсер екі жылдан кейін үшінші бала өмірге келуі мүмкін екенін айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.