Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт күні кеше ашық сұхбат беріп, екінші некесі мен күйеуімен арақатынасы туралы шындықтың бетін ашты.
Қалтамда бақыр тиыным қалмағанда, түнектен алып шықты: Дана Нұржігіт күйеуімен ажырасқан сәтте кім жанында болғанын айтты
1,052
оқылды

Журналист қиын сәтте жанында кім болғанын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тележүргізуші жеке өміріне қатысты құпияны өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Мына суретте мені түнектен алып шыққан адамдар тұр. Жапанда жалғыз қалған ана мен балаға қорған болған қос адвокатым - Тілек Хамитов және Арайлым Карпеева.

Бүгінде екеуі де менің адал достарым. Бұл адамдар менің қандай жағдайда қалғанымды көріп, істі соңына дейін жеткізді. “Дана ханым, сабыр етіңіз! Алып шығамыз!” деп, қалтамда бақыр тиыным қалмағанын көріп тұрып, орта жолда қалдырмады. Телевизияға жарамай қалғаннан кейін, ”Дана сөзді” аштым. Алдыма келген тыңдаушылардың ішінде Эльвира Шырынбаева болды. Жеке меншік мектептің иесі. Менің басымнан өтіп жатқан оқиғадан мүлдем хабарсыз ол мені мектебіне ұстаз болуға шақырды. Сол жұмыстың арқасында мұғалімдік жолға түстім. Нан таптым. “Осылай амалдайын” деп бастаған мен қазір ұстаз болғаныма қуанамын. Балаларымнан қуат аламын. Ата-анамен бірге кітап оқуға баулитын reading time сабағын жүргізіп,өзімді емдеп алдым. Бұл тозақты көрмесем, мен мүмкін мұғалімдікті мүлдем ойға да алмас па едім, кім біледі?! Әр істің қайыры бар деген…

Басымнан өткен оқиғаны баяндап, біріңізге “шошқа”, біріңізге “өжет, қайсар әйел” болып жатқанымды оқып отырмын. Кейбіреулер мәселенің түбіне үңілмей “екі жақтан” деп қысқа қайырыпты. Тарқатып, ақталып әлек болмаймын. Мұндай жағайды ешкім басына тілеп алмайды! Бұл оқиғаны мен қазір қоғамның дерті, әлеуметтік құбылыс деп қараймын», — деп жазды журналист.