Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұлдарының сүндет тойы мен қызының тілашарын жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Дзюдошы тойда "Өнер қырандарының" мүшесі Мадияр Серікбаевқа кіші қажылыққа жолдама табыстады. Бұл туралы "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының мүшесі Мадияр Серікбаев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.
"Құрметті ағайын, бүгін Елдос бауырымыздың шаңырағындағы дүбірлі тойында осындай қасиетті мекенге Умра сапары табысталды", – дейді ол.
Елдос Сметов сертификаттың нағыз мұқтаж жанға бұйыруын тіледі.
"Нағыз мұқтаж, нағыз Алла шақыртқан адамның баруына тілектеспін", – деді спортшы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.