Талқылауда бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулердің маңызына ерекше назар аударылды.
Шетелдік сарапшылар білім беру бағдарламалары мен бірлескен ғылыми жобаларды талқылады
1,902
оқылды

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасында шетелдік ғалымдардың қатысуымен бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары талқыланды. Іс-шараға Бурса Улудаг университетінің профессоры Салих Чепни (Түркия), Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджи (Жапония) және кафедра оқытушылары қатысты.

Бұл бастаманың мақсаты – білім беру сапасын арттыру және жаңа бірлескен жобаларды әзірлеу үшін химия саласындағы білім беру бағдарламаларын талқылау және талдау. 

Ашық семинар барысында профессор Салих Чепни Бурса Улудаг университетінің білім беру бағдарламалары мен Абай университетінің «Химия» мамандығы бағдарламасының ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы өз әсерімен бөлісті. Профессор Хироки Фуджи Окаяма университетіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұнымен таныстырды. Кафедра оқытушылары мен шетелдік ғалымдар талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – қос диплом бағдарламасын құру мүмкіндігі туралы белсенді пікір алмасты.

Талқылауда бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулердің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар бұл шаралар химия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға оң әсер ететінін, бұл тек Абай университетінің ғана емес, отандық білім мен ғылымның әлеуетін дамытуға ықпал ететінін атап өтті. 

Осылайша, Абай университетінің халықаралық сарапшылармен білім және тәжірибе алмасу бастамасы елдегі білім мен ғылымның жаңа көкжиектерін ашып қана қоймай, халықаралық байланыстарды нығайтып, инновациялық білім беру бағдарламаларын дамытуға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.