Футболдан Қазақстан құрамасы Аустриядан жеңіліп қалды

B-тобында ұлттық құрамамыз 1 ұпаймен соңғы орында тұр.

Футболдан Қазақстан құрамасы Аустриядан жеңілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Қазспорт телеарнасының мәліметінше, УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан командасы сырт алаңда Аустрияға 4:0 есебімен ұтылды. 

Аустрия 4:0 Қазақстан 

10' Баумгартнер 

53’ Линхарт 

56’ Забитцер 

79’ Зайдль 

B-тобында ұлттық құрамамыз 1 ұпаймен соңғы орында тұр. Аустрия құрамасы жеңістен соң екінші орынға көтерілді. 

Келесі ойынды Станислав Черчесовтың шәкірттері 13 қазан күні Алматыда Словенияға қарсы ойнайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.