Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қостанай облысында өрттен қаза тапқан балалардың жақындарына психологиялық көмек көрсетілетінін айтты.
Зәкиева Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: mobillegends.net
947
оқылды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қостанай облысында өрттен қаза тапқан балалардың жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06.08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешке танысының үйіне кеткен, ал жұбайы жазасын өтеу мекемесінде. Өңірлік уәкіл оқиға орнында. Психологтер балалардың туыстарына қажетті психологиялық көмекті көрсетіп жатыр. Ата-ана мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Динара Зәкиева.

Айта кетейік, бұған дейін  Қостанай облысы Жітіқара қаласында бір үйдің бес баласы өрттен көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Өрттің алдын ала себебі белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.