Әбиба Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.
Абу-Дабидегі Grand Slam: Әбиба Әбужақынова алғашқы айналымда ұтылып қалды
931
оқылды

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған. 

Бұл раундта ол ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды.

Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды. 

Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.