Ол екі қызына қарайтын адамдар үлкен жауапкершілікпен таңдалғанын атап өтті.
«Он шақты күтуші іріктелді»: Баян Алагөзова екі сәбиіне қанша бала күтуші жалдағанын айтты
Фото: видеодан кадр
1,153
оқылды

Продюсер Баян Мақсатқызы екі қызына бала күтушілер қарайласатынын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.      

Ол екі қызына қарайтын адамдар үлкен жауапкершілікпен таңдалғанын атап өтті.

«Бала күтуші жөніндегі продюсеріміз – сіңлім Бағым Мақсатқызы. Ол барлық бала күтушімен кездесті. Он шақты күтушіні өзі іріктеп алды. Жан-жақты зерттеді. Біз төртеуін таңдадық. Әр балаға екі күтуші бар. Олар ауысыммен жұмыс істейді. Бірақ бізбен бірге тұратын бесінші бала күтуші бар, ол – филиппиндік. Айсәуле, оны сенің кеңесің бойынша алдырған болатынбыз», – деді Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында.

Баян Мақсатқызы басында ұлды болғысы келгенін жасырмады. Продюсер алдағы уақытта тағы балалы болу ниеті бар екенін де жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.