Алматы қаласының Түрксіб ауданында, MART Village сауда-фермерлік орталығында «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті.
Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау өтті
954
оқылды

Іс-шараның мақсаты – қаланың шалғай аудандары тұрғындарының өзекті мәсе­лелерін тыңдау, оларды қалалық немесе республикалық деңгейде шешуге көмек көрсету, сондай-ақ заңгерлік кеңес­тер мен ұсынымдар беру. Қабылдау бөл­­месіне 100-ге жуық адам келді, олар әртүрлі сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық мәсе­леден бастап заң кеңесіне дейін кеңес сұрап жүгінді. 

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Рес­публикалық қоғамдық қабылдау бөлі­мінің меңгерушісі Әлия Садырбаева, «AMANAT» партиясының Алматы қа­­лалық фи­­лиалының төрағасы Станислав Кан­­­­ку­ров, қалалық мәслихат депутаттары Се­­рік Есматов пен Зия Талғатов, сондай-ақ ат­­­қарушы органдардың өкілдері қа­тысты.

«Бүгінгі кездесуде Түрксіб ауданының ғана емес, Алматының басқа да ауданда­­­рының тұрғындары түрлі салаға қатысты мәселелерді көтерді: әлеуметтік қамсыз­­­дандыру, денсаулық сақтау, құқықтық дау­лар және тағы басқалар. Кейбір мә­селелерді қалалық деңгейде шешуге болады, кей­­біреулері республикалық деңгейде шешілуі керек. Мәселен, олар­дың бір тұрғыны әке­сінің, еңбек сіңірген батырдың құрметіне Пав­лодардағы кө­шенің атын өзгертуді өтінді. Бұл сұрақты біз Мәдениет министр­лігіне тікелей қоямыз. Қала деңгейінде де, республика деңгейінде де көптеген мәсе­лені жедел шеше алатынымыз өте маңыз­д­ы», – деп атап өтті Әлия Садырбаева.

Кездесуге келген тұрғындардың бірі ком­­панияда қысқартылғаннан кейін жұ­мыссыз қалды. Ол жұмысқа орналасуға кө­­­­мек сұрады. Мобильді қоғамдық қабыл­­­дау бөлмесінің арқасында Алматы қаласы­­­­ның Мансап орталығының өкілдері оған бі­ліктілігі бойынша қолайлы бос жұмыс орындарының бірнеше нұсқаларын ұсын­­ды. Өтініш берушіге әңгімелесуден өту ұсынылды, сондай-ақ оған «Алтын жас» бағдарламасы бойынша қосымша көмек алу мүмкіндігі туралы кеңес берілді.

«Мен жұмыссыз қалдым және қайдан көмек сұрайтынымды білмедім. Қабылдау барысында Жұмыспен қамту қызметінің өкілдері маған қолайлы бос жұмыс орнын ұсынды, сондай-ақ жұмысынан айрылу бо­йынша жәрдемақы алу үшін кімге жүгі­­нуім керек екендігі туралы нақты нұсқаулар бер­ді. Осындай жедел көмек үшін көп рақ­мет!» – деді ол.

Тағы бір тұрғын заңгерлік кеңес беру ту­ралы сұрақпен келді. Ол әркімнің заң­герлік қызметтерге ақы төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін және мұндай іс-шаралар адам­дарға тегін көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті: «Бүгін мен тұрғын үй мәселесімен келдім және маған тиісті басқармамен бай­ланысуға бірден көмектесті. Мұндай кезде­сулерді өткізу өте маңызды, өйткені бұл көптеген адамдар үшін қала басшы­лығына тікелей сұрақ қойып, жедел жауап алудың жалғыз мүмкіндігі. Сондай-ақ мен тегін заңгерлік кеңес алдым, бұл әсіресе біздің уақытымызда, әркім адвокат ала алмайтын кезде өте маңызды».

Станислав Канкуров мұндай әдістер партия жұмысының маңызды бөлігіне ай­нал­ғанын атап өтті. Олар қаланың бар­лық ауда­­нында үнемі өткізіліп тұрады. Кездесу­лер адамдар ең көп жинала­тын орын­­­­дар мен базарларда, сондай-ақ ірі сауда орталық­­тарында өтті. Оның айтуын­ша, мобиль­ді қо­ғамдық қабылдаулар тәжі­ри­бе көр­сеткен­дей, қала тұрғын­дарының, әсіресе Алматы­ның ең шалғай және елді мекенде­­ріндегі пробле­маларын жедел тың­дауға және шешуге мүм­кіндік беретін тиімді құралға айналды.

Кездесуде көтерілген ең көп мәселе­­лердің қатарына: жұмысқа орналасу, әлеу­­мет­тік көмек, денсаулық сақтау мәселелері, медициналық қызметтерге қол жеткізу, ТКШ, тұрғын үй, алаяқтық және заңды дау­лар жатады.

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі қаланың басқа аудандарында өз жұмысын жалғастырады, осылайша Алматының әрбір тұрғыны уа­қытылы көмек пен кеңес ала алады.