Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қазір Қытайда екенін мәлім етті.
Әнші Балжан Бидаш Қазақстаннан көшіп кеткенін айтты
Фото: instagram.com/ bidash_official
7,285
оқылды

Әнші, KeshYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш шетелде тұрып жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.   

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қазір Қытайда екенін мәлім етті.

"Қайырлы таң, достар! Гуанчжоуға келіп, осында тұрып жатырмын", – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары Балжан Бидаштың елден көшіп кетуіне бұрынғы күйеуі, актер Жахан Отарғалиевпен ажырасып кетуі себеп болғанын болжаған болатын. Алайда әнші Қытайға саудамен айналысу үшін көшкенін айтып, бұл сұраққа нүкте қойды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.