Жергілікті әкімдік қаралы шаңыраққа көмектесетін болды.
Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртенген соң, Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасады
GOV.KZ
24,856
оқылды

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz.

"Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш.  Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды.

Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі", – делінген ресми деректе.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында марқұмның отбасына тиесілі үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.