Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, апаттан ешкім зардап шекпеген, тек көліктерге материалдық шығын келген.
Қостанайда көпір үстінде сегіз көлік соқтығысты
Қостанай облысы полиция департаменті
604
оқылды

Ауа райының күрт нашарлауынан Қостанайдағы үлкен көпірде жаппай жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Оқиғаның алдын ала себебі – қашықтықты сақтамау", – делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.

Оқиға орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр.

Қазір облыстағы жолдарда көктайғақ болып жатыр, сондықтан полицейлер жүргізушілерді тағы да абай болуға, жылдамдықты және қашықтықты сақтауға үндеді. Сонымен қатар көлік иелеріне дөңгелектерді дер кезінде ауыстырып, ұзақ сапарға шықпауды ескертті.