Ол Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург көркем өнеркәсіп институтын бітірген.
Бүгін – Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні
Ашық дереккөз
794
оқылды

Бүгін (1938-2014) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, монументші-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен Ниязбековтің туған күні, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еңбек жолы: 1963-1966 жылдары Санкт-Петербургтегі Электр пісіру жабдықтарының бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының суретші-конструкторы, 1966-1968 жылдары Қазақ КСР халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің суретшісі, 1969-1982 жылдары Алматы қаласының бас суретшісі, 1982-1987 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, 1983-1984 жылдары КСРО Суретшілер одағының хатшысы болып қызмет етті.

Ол – «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов» және басқа да алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В. Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді.

«Глобус» телевизорының көркемдік-конструкторлық сапасы үшін 1965 жылы Чехословакияда өткен халықаралық конкурста І дәрежелі сыйлық берілді.

«Құрмет» орденімен, 1998 жылы «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі және т.б мемлекеттік марапаттармен марапатталған.